Main Content

Рухани жаңғыру бағдарламасына 3 жыл

Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат екені баршамызға белгілі.

Білімді, саналы, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептейміз. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек.

Ұйымның ашылғанына 1 жыл толмаса да, университет қабырғасында біраз іс-шаралар жүзеге асырылды. Оның ішінде нақтылап атап өтетін болсақ, "2019 жыл - Жастар жылы" құрметіне орай ұйымның ашылуы, "Махаббаттың мәні", "Қауіпсіздік философиясы", "Сакралды география", "Латын әліпбиіне көшудегі IT-ақпараттық технологиялар мәселелері" және тағы бірнеше тақырыпта студенттермен кездесу ұйымдастырылған болатын.

Мәдениеттанушы - Бағдат Болатұлы, тариx, психология және тіл салаларының маманы - Сейілбек Мырзабай, Психология-филология салаларының маманы - Айбек Нәби, философия және семиология салаларының маманы  - Мейрманов А.Д, ж.т.б қоғамдағы белсенді тұлғалармен кездесу болып, тақырып аясында түрлі ойлар талқыланды. Кездесулерде отбасы құндылықтарына байланысты қазіргі қазақ қоғамындағы проблемалардың түпнегізі жан-жақты талқыланды және еркіндік,  жауапкершілік  феномендері  түсіндірілді.

Осындай кездесулер арқылы студенттеріміздің өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, елін-жерін сүюге насихаттау.

12 апрель 2020
Поступающим, Кафедры