Новости
КӨПТЕН КҮТКЕН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ!

КӨПТЕН КҮТКЕН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ!

Дата публикации : 14-04-2018
КӨПТЕН КҮТКЕН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ!



14 сәуір күні Инновациялық технологиялар паркінде Наурыз мейрамын тойлау өтті.



Наурыз мерекесі әрқашан көңілді болып өтеді. Бұл іс-шараның идеясы студенттерге басқа халықтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін ерекше түрде көрсету еді. Әрбір топ қазылар алқасына ұсынатын бір елді таңдады. Студенттер мұны шоу түрінде көрсетті. Ресей, Үндістан, АҚШ, Испания, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Грузия және тағы да басқа елдердің билері, әдет ғұрыптары көрсетілді.



Жеңіске жету жолындағы күрес өте қиын болды, өйткені барлық қатысушылар тамаша дайындалды. Бірінші орынға Уразаева Мадина және Абулкатим Аслан дайындаған Египет командасы ие болды. Керемет көрініс және «кенеттен» ұйымдастырылған бидің арқасында балалар өздерінің тәтті сыйлықтарын алды.



Бірінші курс студенттерінің көріністерімен қатар, IITU CHEER командасының, яғни халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары өздерінің керемет өнерін тарту етті.

Сондай-ақ, мұғалімдер үшін түрлі жарыстар мен ойындар өткізілді. Кафедралар арасында өз елдерін таныстырып, IS- Испания департаментінің командасы жеңіске жетті.
Наши студенты - интеллектуальная элита Казахстана