Новости
«Физика-химиялық талдау әдістер»

«Физика-химиялық талдау әдістер»

Дата публикации : 21-04-2017

2009 жылдан бастап Қорқыт ата атындағы ҚМУ базасында «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік зертханасы құрылды. Аталмыш зертхананың негізгі мақсаты ғылым мен білімді және өнеркәсіпті дамыту. Сондай-ақ, университтің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыру. Зертхана құрамында 8 зерттеу секторы, «Мұнай-газ саласындағы процестерді автоматты бақылау» зертханасы және түрлі курстар жұмыс жасайды. Зертхана замануи талаптарға сай жабдықталған. Атап айтар болсақ, 200 млн Джеол, Аджелент, Вариан секілді өндіруші фирмалардың аналитикалық қондырғылары алынды. Зертету орталығы университеттің оқытушы-профессорлар құрамының жетекші және жас ғалымдарынан құралаған. Қазіргі таңда бұл мекемеде 19 қызметкер жұмыс жасайды. Барлығы дерлік, «Болашақ», «Джеол» сынды халықаралық бағдарламалар негізінде білім алған. Осы күнге дейін қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру мақсатында 25 шетел мамандары шақырылған.

Зертхана инженері Индира Дәулетқызының айтуынша, Мәскеулік компаниялармен бірлесіп жұмыс жүргізуде.  Бүгінгі күні олар 2 үлкен жоба аясында жұмыс жасауда. Арал теңізінің экологиялық мәселелерін шешу мен сазды жыныстарды өндеу – жобаның басты тақырыбына айналған. Зертхана  алдағы уақытта зерттеу жұмысы конкурстарына қатысуды жоспарлауда.


Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті,

Базарбай Сабира, Ғаниқызы Жанар,Қасымбекова Назира


Наши студенты - интеллектуальная элита Казахстана
ßíäåêñ.Ìåòðèêà