International IT University
Рус
Eng
Қаз
questions
A question to the Rector?
teaching
Academic life
 
 
Events
13
december
09:00 am
11
december
09:00 am
05
december
09:00 am

«Қазақстан-2050» стратегиясы

published 11.02.2013
X
Loading........
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен терезесін теңестіріп, иығын тірестірген болашағы кемел елге айналды. Елбасы мен халықтың қол жеткізген жеңісі мен жемісі – әлем назарында.

 

Осыған орай  9 -ақпанда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясын талқылау мақсатында жиналыс өтті. Тарихи құжатта елдің өткені мен бүгіні туралы сөз қозғалып, алдағы уақытқа даму бағытымыз айқындалды.

 

 

Басқосуға Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің әкімшілік және бақылау Департаментінің директоры Қайрат Асаниязұлы, аталмыш министрлік өкілдігі басшысының орынбасары Дудар Тұрсынұлы қатысып, мемлекет басшысының халық алдына қойған басым бағыттарын атап көрсетті.

 

ХАТУ  ректоры  Дамир Абдухалиұлы Елбасы Жолдауы – болашақ дамуымыздың кепілі ретінде маңызды құжат екенін айта келе, оның орындалуына өз үлестерін қосатындарына сенім білдірді.                                

«Қазақстан-2050» стратегиясы

Мөлдір Халықова, Айдана Қарабасова

«Электронды журналистика» бөлімінің студенттері