ХАТУ инновациялары

IITU Innovation

Міндеті: Миссия:

Біздің міндетіміз – ақпараттық технологияларға негізделген стартап компанияларды құрып, дамуын ынталандыру және біздің оқытушыларымыз бен студенттеріміз құрған табысты компаниялар санын көбейту.

Міндетіміз – асқақ кәсіпорындар мен стартаптарға практикалық қолдау көрсету арқылы университетте  табысты кәсіпкерлік экожүйе құру. амбициозным предприятиям

Мақсаттарымыз:

- Студенттерге кәсіпкерлік дағдыларды үйретіп, университетте  кәсіпкерлік экожүйе құруға ықпал ету үшін жаңа кәсіпорындар құру;

- дамып келе жатқан компанияларға тәлімгерлермен байланыс орнатуға, білім алуға, ортақ кеңістікке, капиталға, басқа да қызметтерге  қол жеткізуге көмек көрсету  ;

-жергілікті бизнес экожүйесін күшейту және оқу курстарының бағдарламалары мен дипломдық жобаларды жақсарту үшін университет пен өндіріс арасында байланыс орнату;

- оқытушылар мен университет қызметкерлеріне ғылыми және білім беру істерінде кеңес беріп, қолдау және көмек көрсету.

IITU Innovation технологиялық стартаптарды орналастыратын орта болып табылады.  Біз жабдықтар, қолдау қызметтерін, бизнес , технология саласынан, олардың құқықтық қырларынан білім беруді ұсынамыз, сондай-ақ қолда бар  ресурстарды пайдалану және компаниялар арасындағы өзара байланыстың тиімділігін арттыру мақсатында қаржыландыру көздеріне қолдарын жеткіземіз. Біз стартаптарға көмек көрсету үшін прототиптерді құрудан бастап,технологиялық ойларды коммерциализациялауға , ғылыми орта мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға дейінгі кең ауқымды ресурстар мен құралдарды ұсынамыз. Сондай-ақ тиімді шешімдерді ұсыну арқылы практикалық мәселелерді шешеміз.

Университеттің стратегиялық бағыттағы мақсаттарының орындалуы үшін, біз үш әрекетке басты назар аударуды ұсынамыз.   Біріншіден,кәсіпкерлік бойынша пәндер мен курстарды ұсынуды көбейту, өйткені  кәсіпкерлерге басқарушылық және қаржылық сипаттама жетіспейді, бұл келісімді бизнес-жоспар жасауға кедергі келтіреді. Екіншіден, университетте жасалған технологияларды патенттеуге жауапты Коммерциялық департаментпен бірігіп әрекет ететін инкубаторларда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолдануды күшейту. Университетте технологиялар саласынан білім беруді бағалай және кәсіпкерлік мәдениетті дамыта отырып, өндіріске енгізу ықтималдылығы жоғары магистерлік және докторлық диссертациялар мен ғылыми зерттеулерді анықтау, Мысалы, академиялық зерттеу нәтижесіндегі екі жоба : «EcoStation»  ақылды аялдамасы және  Starbus (Қоғамдық көлікті бағалау қызметі  қала инфраструктурасында табысты іске қосылды ).

Және үшінші әрекет, инкубаторлар мүмкіндіктерін кеңейту, бұл көбірек компания алуға көмектеседі.  Біздің бөлмелеріміздің көпшілігінде  инкубацияға орын аз – жылына 5тен 10-ға дейін кәсіпорын ғана Сондықтан  2018 жылдың басынан қазіргіден 6 есе үлкен бөлмеге көшеміз.

Біз ғылыми зерттеулердің нәтижелерін басқа компанияларға беруден гөрі, кәсіпкерліктің инкубатор ретіндегі қызметін қолдауға көбірек күш саламыз. 

 Біз академиялық нәтижелерді  нарыққа шығаруға арналып жасалған технологияларды беру каналы  ретінде алуды ұзақ мерзімдік мақсат ретінде белгілеп отырмыз. Бұл канал болмаған жағдайда, бұл технологиялар коммерциялық мақсатта пайдаланылмайды.

Сонымен, басты тұлға – білімді негізге алып, табысты бизнес құру жолындағы кедергілерді жеңуге талпынған ұлттық және халықаралық ортада әрекет ететін кәсіпкер. 

Біздің 70-тен астам жобалардан тұратын қорымыз бар, олар ХАТУ-дың инновациялық орталығында инкубацияланады. Университеттің әрбір сегізінші студенті кәсіпкерлікке тартылған (хакатон, акселерация и инкубациялық бағдарлама).

Біздің оқытушыларымыз да гранттық қаржыландыру негізінде ғылыми зерттеу жүргізеді.. Факультеттің үш жобасы 2015-2017 жылдарға ғылыми гранттар алды.

 

 


Біздің студенттер - Қазақстанның зияткерлік элитасы