КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕГІНЕ

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне түсетін колледж түлектеріне

 Құрметті колледж бітіруші түлектер, сіздерге   Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне  қысқартылған бағдарлама бойынша  жақын мамандықтарға түсетін жақсы мүмкіндік бар.  

Мамандықтар:

 5В050700 – АТ -дағы  менеджмент  

5В050900 –  АТ -дағы  қаржы

5В060200 – Информатика

5В070300 – Ақпараттық жүйелер 

5B100200  - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

5В070400 – Есептеу техникасы  және бағдарламалық  қамтамасыз ету

5В070500 – Математикалық  және  компьютерлік  моделдеу

5В071900 – Радиотехника,  электроника және  телекоммуникациялар

5В050400 – Журналистика


 


 Қысқартылған мерзімде  оқу бойынша  техникалық және кәсіби білімі бар,  ортабілімнен кейінгі білім (колледж) жақын  мамандықтарға  тұлғаларды жоғары оқу орнына қабылдау,  ақылы түрде  кешенді тест қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. (ары қарай КТ). 


Кешенді тест келесі пәндер бойынша өтеді:

мемлекеттік  немесе орыс тілінен  (оқу тілі);

Қазақстан тарихынан;

математикадан;

таңдау пәнінен .

 

КТ қорытындысы бойынша жоғары балл алған колледж бітірушілері,  таңдаған мамандығынан  бакалавриат бойынша  4-жылдық оқу ақысын жабатын   мемлекеттік грант алу үшін конкурсқа қатысуға құқы бар.

Жақын мамандықтар тізімін білім саласындағы ұйымдар бекітеді.

Кешенді тестке қатысу үшін өтініш қабылдау  20 маусымнан  9 шілдеге дейін   ХАТУ  қабылдау комиссиясында өтеді. 

 

Кешенді тестке қатысу үшін  талапкер  ХАТУ  қабылдау комиссиясына  келесі құжаттарды тапсырады:  

1. Бланктегі белгіленген   өтініш  үлгісі;

2.  Техникалық және кәсіби білімі (бастауыш немесе орта кәсіби, ортабілімнен кейінгі),  орта білімі (жалпы орта) туралы  аттестат  немес  диплом (түпнұсқа);

 3. Тест тапсыру  үшін төлем квитанциясы ;

4.  3x4 көлеміндегі 8 сурет;

5.  086-У формасы бойынша медициналық анықтама;

6. 2 жеке куәлік көшірмесі .

Кешендік тест   19 – 23  шілде аралығында  өтеді.

Талапкерлердің тілегі бойынша кешендік  тест қазақ  немесе орыс тілдерінде орта білім деңгейіндегі  оқу бағдарламасының төрт пәні бойынша: мемлекеттік немесе орыс тілінен, Қазақстан тарихынан, математикадан және таңдау пәнінен.  

Кешендік тестке  2 сағ  30 минут беріледі.  Тест қайта тапсырылмайды.


5В050400 – Журналистика мамандығына шығармашылық емтиханға өтініш қабылдау,  ХАТУ  қабылдау комиссиясында    20 маусымнан  1 шілдеге дейін өтеді.

Электрондық  журналистикаға түсушілер,  бір мамандықты ғана көрсетеді.

Электрондық  журналистикаға түсушілер,  2  шығармашылық емтихан тапсырады   (шығарма және әңгімелесу).

Журналистика мамандығына шығармашылық емтихан   орыс тілінен орыс тілді мектептер  үшін немесе қазақ тілінен қазақ тілді мектептер  үшін.  Шығармашылық емтихандар     (шығарма  және әңгімелесу) түрінде өтеді.

Шығармашылық емтихандар    2  7 шілде аралығында өтеді.   

Әр шығармашылық емтиханның жоғарғы балы - 25.

Шығармашылық емтиханнан 10 баллдан төмен алған  немесе келмеген талапкер осы мамандық бойынша кешендік тестке жіберілмейді.

 Журналистикаға тапсырушының екі пәннен:  Мемлекеттік тілден немесе орыс тілінен, Қазақстан тарихынан алған  баллы есептеледі.

 

ХАТУ-ға қабылдау 

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ақылы бөліміне осы жылғы жалпы орта білім беру мекемелерінің түлектері,  ҰБТ тапсырушылар, кешенді тест тапсыруға қатысушылар, тест қорытындысы бойынша    -   50 баллдан төмен алмағандар, оның ішінде  профилдік пәндерден  7 баллдан төмен алмағандар (әр  шығармашылық емтиханнан  10 баллдан төмен алмағандар), ал қалған пәндерден    4 баллдан төмен алмағандар қабылданады.  

ҰБТ немес кешенді тест тапсыруда  тәндердің біреуінен  4 баллдан төмен алған жағдайда, талапкер  ақылы бөлімге қабылдауға  немесе білім  гранттарын  иелену үшін конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Банкінің бөлімшелері арқылы 2242 теңге (ҚҚС-ны қоса есептегенде) төлейді,

Ұлттық тестілеу орталығының реквизиттері:

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы»  РМҚҚ

010011 Астана қ, Жеңіс данғылы, 60

РНН 600300086081

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX КБЕ 16

«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ

 

  Қабылдау комиссиясы: +7(727) 320-00-00, +7(727) 320-00-01, +7(727) 244 83 74, +7(727) 244 83 75 

  Мекенжайы: 050040 Алматы қ,  Манас 34 «А»// Жандосов  8 «А» көш. қиылысы

  E-mail: info@iitu.kz

Біздің студенттер - Қазақстанның зияткерлік элитасы
ßíäåêñ.Ìåòðèêà