МАҚСАТЫ

«Математикалық және компьютерлік моделдеу» кафедра жұмысы физикалық, химиялық, технологиялық, экономикалық үдерістердің математикалық және компьютерлік моделдеу аймағында мамандар дайындауға бағытталған.


«Математикалық және компьютерлік моделдеу» кафедрасы 2015 жылы «Ақпараттық жүйелер» кафедрасынан құрылған.

2010 жылдан бері кафедрада 5В070500 – «Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығы бойынша бакалврларды дайындауда дайындық жүргізіледі. Осы мамандық түлектері ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда, мемлекеттік басқарма органдарында, банктік құрылымдарда қызмет істейді.

2012 жылы 6М070500 – «Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығы бойынша магистратура ашылған.

Жоғары білікті оқытушылармен университеттің барлық мамандықтарының жалпы білім беру оралымының пәндері мен шығарушы мамандыққа арналған профильдік пәндер жүргізіледі.

Кафедра оқытушыларымен өзекті ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушы-әдістемелік және тәрбие жұмысы жүргізіледі.

Кафедраның міндеті жоғары кәсіптік мамандарды дайындау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін жасау және ұйымдастыру, бакалаврлар, магистрлар мен ғылыми кадрларды оқыту үдерісіндегі математикалық және компьютерлік моделдеу, ақпараттық технологиялар аймағында алған білімдерін қолдана білу болып табылады.

Міндетті жүзеге асыру жоғары кәсіптік IT-мамандарын дайындауға және жоғары білім мен ғылым саласында жаңа енгізілімді тиімді қолдануға бағытталған.
Біздің студенттер - Қазақстанның зияткерлік элитасы
ßíäåêñ.Ìåòðèêà