МАҚСАТЫ

Тілдер кафедраның негізгі қызметі – студенттердің қоғамдық және кәсіптік салада ауызша және жазбаша қарым –қатынас жасау үрдісін жүзеге асыру құралы болып табылатын үш тілді (қазақша, ағылшынша, орысша) белсенді меңгеруіне жағдайлар жасау және өнімді – сапалы негізде оқу үрдісін ұйымдастыру.


Бұл мақсатқа келесі міндеттерді орындау арқылы жетуге болады:

1. Оқу үрдісін ұйымдастырудың жоғары сапасын қамтамасыз ету, жаңа заманауи әдістерді енгізу, оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.

2. Студенттердің тек білім деңгейін көтеруге ғана емес, сондай - ақ олардың рухани, моральдық, қоғамдық және мәдени дамуына ықпал ететін сабақтар өткізу.

3. Қосымша оқыту формаларын: шет тілі саласында дайындық және біліктілікті көтеру курстарын, шет елде тағылымдама мен тәжірибеден өту үрдісін ұйымдастыру, студенттерді халықаралық сертификат емтихандарына дайындау.     

4. Оқыту, білім беру әдістемелерінің тиімділігін арттыру мақсатында ғылыми-зерттеулердің нәтижелерін, ғылым жетістіктерін қолдану.

5. Кафедраның ұжымдық жұмыстарын кәсібилік, жауапкершілік және өзара түсінушілік принциптері негізінде ұйымдастыру.

6. Студенттердің қажеттіліктері мен қызығушылықтарын барынша есепке алу.  Оқытушы мен студент – оқу үрдісінің белсенді қатысушылары. Бұл ретте студент өз еркіндігін дамыту мен оқып үйренудің нәтижелілігі үшін жеке жауапкершілігімен тығыз байланыста болып,  оқытушымен саналық әріптестік пен әрекеттестік принципіне негізделген үрдістің толық құқылы қатысушы болып табылады.

 7. Кафедра мүшелерінің кәсіптік дамуына тиісті мүмкіншіліктер жасау, кафедра мүдделері мен мұқтаждықтарын барынша ескере отырып, оқытушылардың белсенді түрде жаңа оқыту- әдістемелік құралдарын жасауы.

8. Университет міндеттерін жүзеге асыру мақсатында университеттің басқа бөлімдерімен тиімді ынтымақтастықта болу.

Кафедра мақсаттары Университеттің, яғни өз саласында қажетті білімі мен құзіреттілігі бар және еңбек нарығында тиімді бәсекелестікте бола алатын мамандар дайындау сияқты мақсаттарымен ұласады.

Кафедра студенттерді АТ Университетінің бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша келесі пәндерді: «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі», «Орыс тілі», «Кәсіби орыс тілі», «Іскерлік орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Кәсіби ағылшын тілі», «Іскерлік ағылшын тілі» оқытумен қамтамсыз етеді.

Кафедра оқытушылары өз қызметінде оқытудың коммуникативтілік, интерактивтік принциптерін негізге ала отырып, олардың студенттерге бағыттылығын, Қазақстанның үштұғырлы тіл саясатын және оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жүзеге асыруда ұстанады. Тәрбиелік жағынан кафедра көшбасшылық қасиеттерді, сыни және шығармашылық ойлау, топта жұмыс істеу, мәселелердің шешімін табу сияқты қаиеттерді дамытуды көздейді.
Біздің студенттер - Қазақстанның зияткерлік элитасы
ßíäåêñ.Ìåòðèêà