МАҚСАТЫ

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының арнаулы уәкілдіктері – ақпараттық жүйелер,  математикалық модельдеу және информатика бағытында  жоғары білікті мамандарды дайындау. Толық келісімділігіне, молшылықсыздығына, ашықтығына жете тұра бүкіл кәсіпорынның ақпараттық процесстерін қамтитын Ақпараттық Жүйелердің  жасау дағдысына ие болуға мүмкіндік беретін  жүйелік  білімдермен  оқыту үдерісін  камтамасыз ету.


Деректерді заманауи талдау әдістерінің, күрделі жүйелердің математикалық және ақпараттық модельдеудің және осы әдістің компьютерлік  жүзеге асыруды зерттеу.

Білім, ғылым және өндірістің біртіндеп шоғырлануына  жету.

Халықаралық қарым-қатынастар

Кафедра әрқашан халықаралық  қарым-қатынастардың көбейуі мен тығыздалуымен Университеттің әкімшілігінің басқаруымен  жұмыс істейді. Қазіргі уақытта келесі білім беру және  ғылыми мекемелер арасында  қарым-қатынастар  орнап  жатыр.

– Carnegie Mellon University – iCarnegie (USA)

– University Tenaga National, Malaysia

– University Kuala Lumpur, Malaysia

–Central European University, Budapest, Hungary

«5B070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы боынша бакалавриат түлегіне ақпараттық жүйелер бакалавриаты дәрежесі беріледі.

Ақпараттық жүйелер – ақпаратты жинау, ұсыну, сақтау, табыстау және өңдеу жүйелерін жасауға және қолдануға бағытталған құралдардың, тәсілдер мен адам қызметінің тәілдерінен тұратын ғылым мен техника саласы.

Түлектердің кәсіби қызметінің салалары болып өнеркәсіп, ғылым, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару табылады.

Түлектердің кәсіби қызметінің нысандары болып ақпараттық жүйелерді құрастыратын,енгізетін және адам қызметінің әртүрлі салаларында пайдаланатын әртүрлі меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар табылады.

Түлектердің кәсіби қызметінің мәні болып ақпараттық жүйелерді математикалық, ақпараттық, бағдарламалық, логистикалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыздандыру, сонымен қатар оларды технологиялық жобалау, зерттеу, енгізу, алып жүру және пайдалану табылады.

«5B070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

– жобалау-құрылымдық;

– өндірістік-технологиялық;

– ұйымдастырушылық-басқарушылық;

– пайдаланушылық.

Түлектердің кәсіби қызметінің негізгі атқарымдары болып мыналар табылады: жобалау, пайдалану, әкімшіліктеу, алып жүру, тестілеу, аппараттық-бағдарламалық қорғанысты қамтамасыз ету.

Бакалврдың кәсіби қызметінің типтік тапсырмалары болып мыналар табылады:

– ақпараттық жүйелердің және жалпы ақпараттық жүйелердің әртүрлі құрамдастарды жобалауы мен құрастыруы;

– ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымының инстаяляциясы, пішім үйлесімі және әкімшіліктеу;

– ақпараттық жүйелердің деректер базасын жобалау және әкімшіліктеу;

– ақпараттық жүйелер мен олардың элементтерін ақпараттық,бағдарламалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық алып жүру.

Кәсіби қызметтің бағыты ретінде мыналарды айқындауға болады:

– ақпараттық-құқықтық жүйелерді құрастыру, енгізу және пайдалану;

– ақпараттық-басқару жүйелерін құрастыру, енгізу және пайдалану;

– сараптамалық жүйелерді құрастыру, енгізу және пайдалану;

– ақпараттық-ұйымдық жүйелерді құрастыру, енгізу және пайдалану.

Түлектің жалпы мәдени құзыреттері (ЖМҚ) болу керек:

– ойлану мәдениетін, ақпаратты жалпыландыру, талдау, қабылдау, мақсаттарды қою және оларға жету жолдарын таңдау қабілетін, логикалық шын, дәлелденген ойлану қабілеті, өзінің ауызша және жазбаша сөзін анық түсіндіру қабілетін иелену;

– әріптестермен қауымдасуға, ұжымда жұмыс істеуге дайындық; шағын ұжымдарды ұйымдастыру және басқару қағидаттары ментәсілдерін білу; стандартты емес ұйымдастырушылық-басқарушы шешімдерін табу қабілеті және олар үшін жауапкершілік тартуға дайындық;

– өзінің болашақтағы мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсіну, кәсіби қызметті орындауды жоғары ынталандыру;

– әлеуметтік маңызды мәселелерді және үрдістерді ғылыми талдау қабілеті, тәжірибеде гуманитарлық, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдарды әртүрлі кәсіби және әлеуметтік қызметтің әртүрлі түрлерінде пайдалану қабілеті;

– зияткерлік дамыту, мәдениет деңгейін, кәсіби құзыреттілікті арттыру, денсаулықты, адамгершілік және физикалық даму үшін, өз денсаулығын жақсарту үшін, кәсіб құзыреті үшін, мәдени деңгейін арттыру үшін оқыту және өзін-өзі бақылау;

– ақпараттық жүйелер мен технологиялар саасындағы тәжірибелік тапсырмаларды шешу үшін кең жалпы дайындауды иелену (негізгі білімдер);

– өз қабілеттерін және кемшіліктерін сыни бағалай білу, жолдарды белгілеу және артықшылықтарды дамыту мен кемшіліктерді жою құралдарын таңдау;

– заманауи өркениетті сақтау мен дамыту үшін гуманисттік маңыналаларды түсіну; қоршаған табиғатқа, қоғамға, басқа адамдар мен өз-өзіңе деген гуманисттік құндылықтарды сезіну;

– физикалық тәрбиелеу және денсаулықты нығайту тәсілдерін әдістемелік дұрыс пайдалану тәсілдерін, өзіндік құралдарды иеленеді, толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз етуге арналған физикалық дайындықтың тиісті  деңгейіне жетуге дайын.

Оқу бағдарламасының академиялық құндылығы кәсіби қызметтің мазмұнына негізделеді:

– ақпараттық жүйелердің құрамдастарын жасау, бағдарламаларды және бағдарламалық кешендерді өндіру;

– ақпараттық жүйелердің бағдарламалық кешендерін тестілеу;

– есептеу желілерінің желілік қызметтерінің инсталляциясы, пішім үйлесімі және әкімшіліктеу;

– кәсіби қызмет нысандарын сертификаттау;

– ақпараттық жүйелерді жасауды, енгізуді және алып жүруді басқару;

– кәсіби қызмет нысандарын зерттеу және енгізу үрдістерін ұйымдастырған кезде технологияларды, аспаптық құралдарды таңдау;

– белгілі мерзімде белгілі сапалы кәсіби қызмет нысандарын құрастыру үрдісінің жекелеген кезеңдерін ұйымдастыру;

– кәсіби қызмет нысандарын құрастыру үрдісін ұйымдастыру ауқымында қызметкерлер құрамын оқыту;

– пайдаланушылардың сұратуларын, зат саласының үлгілерін және техникалық құралдарды талдау негізінде кәсіби қызмет нысандарының жекелеген құрамдастарының талаптары мен айрықшаламасын құрастыру;

– ақпараттық жүйелер құрамдастарының сәулетін жоспарлау;

– аппараттық-бағдарламалау кешендерінің адам-машина интерфейсін жобалау;

– замануи жобалау тәсілдерінің, құралдары мен технологияларының негізінде ақпараттық жүйелерді математикалық, лингвистикалық, ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыздандыру, сонымен қатар автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдалану арқылы қамтамасыздандыру.
Біздің студенттер - Қазақстанның зияткерлік элитасы
ßíäåêñ.Ìåòðèêà