КІТАПХАНА

Халықаралық ақпараттық технологиялар  университетінің Кітапханасы университеттің құрамдас бөлімшесі ретінде 2009 жылы ұйымдастырылды. Кітапхана қоры қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі дәстүрлі және электрондық тасымалдағыштардағы оқу, оқу-әдістемелік, және ғылыми әдебиеттерден тұрады. Оқулық қоры қазақстандық және ресейлік белді баспалар  Раритет, Фолиант, Экономика, Бастау,  Высшая школа, ИНФРА – М, Горячая линия – Телеком, Лань әдебиеттерінен жинақталған.

Ағылшын тіліндегі әдебиеттер Cambridge University PressOxford University PressPearsonMcMillan, McGrow-Hill сияқты атақты шетелдік баспагерлерден алынады.

Кітапхананың жалпы қоры 345819 дана құрайды. Құрылымына қарай  қор кітаптардан, мерзімдік басылымдардан және анықтамалық басылымдардан , электрондық ақпарат көздерінен тұрады. Кітапхана үрдісін автоматтандыру КАБИС (Казахская Автоматизированная Библиотечно-Информационная Система).атты  кітапхана бағдарламасымен іске асырылуда.

Кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппараты библиографиялық және ақпараттық басылымдар қорынан, электрондық каталогтан, газет-журнал мақалаларының электрондық картотекасынан, ХАТУ  ПОҚ еңбектерінің картотекасынан және Университеттің барлық пайдаланушыларының қолы жететін өзіміз құрастырған толық мәтінді мәліметтер қорынан тұрады.

 

 

 

Оқырмандарға мәліметтердің толықмәтінді қорларына жол ашылған: 

http://rmeb.kz (Қазақстан)

Республикалық  ЖОО аралық электронды кітапхана ҚР-ның  жоғары оқу орындарының кітапханаларының толықмәтінді ақпараттық ресурсын біріктіреді.РЖАЭК Қазақстан жоғарғы оқу орындарының кең ауқымды электронды кітапханаларына еркін қол жеткізе алады. Бұл  кітапханада оқулықтар, оқу құралдары,ғылыми, әдістемелік материалдар мен авторлық құқықтары сақталған ПОҚ-ның жарық көрген мақалаларымен танысуға болады.

Springer (Германия)

SpringerLink (Қазақстандық ұлттық лицензия) мәліметтердің электрондықтолықмәтінді көздерінің қоры келесі өнімдермен ғана шектелмейді:  электрондық  кітаптар, кітаптар сериясы, электрондық анықтамалықтар, журналдар, on-line-журналдар мұрағаттары, on-line-кітаптар мұрағаттары , on-line-мұрағаттар коллекциялары , SpringerProtocols (Протоколы), SpringerMaterials (Материалы), SpringerImages (Картинки), Zentralblatt MATH(Центральная газета) және архитектура мен  дизайннан, бизнес пен экономикадан, информатика, физика, математика мен статистикадан, Гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар мен  құқық бойынша веб-сайттарда орналастырылған  басқа  да материалдар.

Thomson Reuters (США)

Web of Knowledge (Қазақстандық ұлттық лицензия) ақпарат көздері  Web of Science, Conference Proceedings Citation Index, BIOSIS, Journal Citation Reports Thomson Reuters пәнаралық және мәліметтердің тар мамандандырылған қоры түрлі жаратылыстану, қоғамтану және гуманитарлық пәндерден халықаралық іздестіру және бағалау құралы қызметін атқарады.

Polpred.com БАҚ-на шолу. Маңызды жариялымдар мұрағаты қолмен жиналады. Рубрикаторы бар дерек қоры: 53 сала/ 600 дерекнама / 9 РФ федералдық өңірі / 235 мемлекет және аймақтар/ маңызды құжаттар/ адамдарың 9000 тұңғыш мақалалары мен сұхбаттары. Күн сайын мыңдаған жаңалықтар, орыс тілінде толық мәтін, соңы 15 жыл ішіндегі ақпаратагенттігінің миллиондаған ең үздік іскер баспасөздері. Іздеу салу. Бірден Word-тағы мақалаларды экспорттау. Сала және мемлекет бойынша Интернет-сервисі. Polpred.com - кітапхананың барлық компьютерлерінен және желі ішінде кіру мүмкіндігі. бар.

Science Direct  (Нидерланды)

ScienceDirect платформасы ғылымның барлық салаларындағы әдебиеттерді жан-жақты қарастыруды қамтамасыз етеді. Бұл платформа көп тақырыптылық деңгейде ақпарат іздеуде ғылыми, оқу, коммерциялық және үкіметтік мекемелердің қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрастырылған. Платформада 2500  астам журналдар мен 20 000 кітап «Эльзевир» баспасынан шыққан, сонымен қатар, беделді  ғылыми қауымдастыққа кіретін көптеген журналдар қолжетімді.

www.e.lanbook.com  

ЭБС "ЛАНЬ" баспасы –  online  түрінде ғылыми журналдар мен толықмәтінді кітаптар коллекциясының ресурсы.  Ресурспен жоғары оқу орнында Ғаламторға кіріп, тіркеліп, әлемнің қай жерінен болса да кіріп жұмыс істей беруге болады. Берілген Представленная электронды-кітапханалық жүйе  — "ЛАНЬ" баспасындағы кітаптардың электронды нұсқалары мен басқа да жетекші баспалардан шыққан техникалық және гуманитарлық оқу әдебиеттері бар  ресурс.

www.KazakhstanVSL.org/authentication

Казақстандық виртуалды ғылыми кітапхана (ВҒК), АҚШ (DOE/NNSA) ядерлік қауіпсіздік Министірлігінің Ұлттық әкімшілігі демеушілігімен халықаралық журналдарда жарық көрген мақалалар мен зерттеулерге қаржылық тапсырыс беретін техникалық консультациялар мен тренингтердің үлкен бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Берілген бағдарлама білім беру мен ғылым Министірлігі мен ғылыми-техникалық ақпараттар Ұлттық орталығы және CRDF Global-мен бірігіп ұйымдастырылған.

Жұмыс істеу кестесі:

күнде  9-00 19-00 дейін
Сенбі  9-00 – 14-00дейін
Демалыс күні – жексенбі

Кітапхана қызметкерлерімен  университеттің бес жылдығына арналып «Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университетінің профессорлық-оқытушылар еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші» әзірленді. Көрсеткішке 2009 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта жарық көрген   профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектері енгізілді. Көрсеткіш 40 автордың мақалаларымен берілген. Олар қағазға басылған және электронды материалдар түрінде, оның ішінде  практикалық нұсқаулар, әдістемелік құралдар, Ғаламтор және басылым беттеріндегі дәстүрлі мақалалар берілген. Құрылымы жағынан  көрсеткіш екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде профессорлық-оқытушылар құрамының фотосуреттері, өмірбаяны мен ғылыми ортасы берілсе, екінші бөлімде ХАТУ  оқу-әдістемелік басылымдардың библиографиялық тізімі, ғылыми конференциялар мен бес жыл ішінде университет жетістіктері жайында БАҚ–та жарияланған мақалалар берілген.

«Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университетінің профессорлық-оқытушылар еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші» 

 

 

 

Біздің студенттер - Қазақстанның зияткерлік элитасы
ßíäåêñ.Ìåòðèêà