ХАТУ ТУРАЛЫ


Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті

«ЕЭА шеңберiнде   жоғары оқу орындарын, оның ішініде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін,  кәсiби-техникалық бiлiм беретiн мекемелерді, ғылыми зерттеу институттарын  жаңашаландыруда өнімді еңбек пен шығармашылық үшін   қолайлы жағдай туғызылуда.»,  ҚР Президентінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнаулы экономикалық аймағын құру туралы  2003 жылғы  18 тамыздағы  № 1166  Жарлығынан. 

Қазақстандық алғашқы   IT Университет – Орта Азия аумағындағы жетекші оқу орны. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті аймақтағы IT-индустриясына халықаралық деңгейде танылған білікті мамандар  дайындауда  көшбасшы  болып  табылады.

Халықаралық ІТ Университет АҚШ-тың  Carnegie Mellon университетінің құрамды бөлімі – білім берудің ең үздік бағдарламалары мен әлемдік тәжірибесі бар IСarnegie-мен тығыз ынтымақтастықта ашылды.

Сarnegie Mellon  бүкіл әлемде алгоритм, компьютерлік желілер, бағдарламалау тілдері, робототехника, компьютерлік лингвистика, бағдарламалық жасақтамалар құрастыру бойынша  көшбасшы ретінде танылған университет.


 


Халықаралық  IT Университеті ҚР үкіметінің  және ұлттық ақпараттық коммуникациялық     компаниялардың гранттарымен қамтамасыз етілген,  демек қазақстандық және америкалық білім беру  бағдарламаларының шығынын  жаба алады. 

Университеттің серіктестеріне  Малайзияның жетекші IT университеттері  – University Kuala Lumpur, Limkokwing University, University Tenaga Nasional және әлемнің тағы басқа да университеттері кіреді.

ІТ университет жоғары деңгейдегі  материалдық-техникалық жабдықталуымен ерекшеленеді. Халықаралық IT университетте оқу процесі ең заманауи ДК және лицензияланған бағдарламалармен қамтамасыз етілген.  

 IT Университет салалық технологияларды ғана емес, озық менеджментті, экономиканы білетін, коммуникативтік дағдысы бар, ағылшын тілін терең игерген жаңа буын мамандарын қалыптастырады. IT Университет  студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерін, көшбасшылық дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөледі!

Халықаралық ІТ Университетте жоғары білікті профессор-оқытушылар еңбек етеді. Олар еркін ғылыми ізденіс, шығармашылық жағдайында ақпараттық технологиялар саласында өз зияткерлік әлеуетін іске асырады.



ACM ICPC

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері – Қазақстан Республикасының бағдарламалаудан чемпиондары!

2015 жылы, ХАТУ-дың олипиадалық құрамасы ACM ICPC 2015 спорттық бағдарламаудан әлем чемпионатың ширек финалында біріңші орын алды. ACM ICPC 2015-2016, NEERC, Kazakhstan Subregional Contest – бұл біздің студенттеріміздің жыл сайын қатысатын, Қазақстанның ең беделді бағдарламалау жарысы. 2014-ші жылы, спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионатында , 122 университетінің ішінен, спорттық ХАТУ ACM ICPC 2015-тің ең мықты  20-лығына кірді.



ABU Robocon

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студентері жыл сайын ABU ROBOCON атты жарысқа қатысады. ABU ROBOCON жарысы 2002-ші жылдан бері, Азия - тынық мұхиттық хабар тарату одағымен өткізіледі. Алғаш рет, бүкіл Қазақстан атынан, ХАТУ-дың студенттері халықаралық деңгейде , 2012-ші жылы  Гонконгта өткен сайыста,  біздің еліміздегі робот техникасының дамуымен таныстырды. 2015-ші жылы Индонезияда, біздің құрамамыз «беру және алу» шың бадминтон ойынын көрсеткен екі роботты құрастырды.



Tech Garden Fest 2015

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студентері Tech Garden Fest 2015 байқауының жеңімпаздары!

Үш күннін ішінде 700-ге жуық жоба бас жүлде үшін күресті, олардың көбі Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің атынан шығарылды. Нәтижесінде, екі бірінші орын, 5 000 000 теңгелік жүлде қоры біздің студенттерімізге тиді!

TGFest 2015-тің қазылар алқасы, біздің студентіміз Беков Ердаулеттің «Gluco Ways» атты жобасына немқұрайлы қарамай, қаржыландыруға лайықты деп санады.  «Gluco Ways» - бұл қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған мобильді қосымша. Диабеттен азап шегетін науқастарға өзінің саусақтарын күніне бірнеше рет инемен шаншуға тура келеді, ал «Gluco Ways» қосымшасы сырғалық және клипстер арқылы шаншусыз қант деңгейін өлшейді.

Дроздов Данила, әуе фото және бейнетүсірілім, нақты уақытта жердегі объектерді бақылаға арналған «Сункар 4М» атты ұшқыссыз авиациялық жиынын ұсынып, 5 000 000 теңге ұтып алды. Дронның максималды жылдамдығы – 110 км/сағ. Қосымша кәдімгі түсірімде, сондай-ақ  адамдарды іздеу мен құтқаруда қолданылады.



Imagine Cup

IT Университеті  студенттері Imagine Cup 2014халықаралық технологиялық сайысында үш аталым: инновациялық, әлеуметтік және Windows Phone-ға арналған қосымшалар бойынша жеңімпаз болды.

ІТ  университетте спортқа ерекше көңіл бөлінеді. Біздің құрама командаларымыз баскетбол, футбол, үстел теннисі, шахматтан түрлі қалалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды алып жүр. IT Sparta (ХАТУ) - чемпиондар!


 


Халықаралық ІТ  университет дарынды жас бағдарламашыларды қолдауды өзінің міндеті деп есептейді. Міне, сондықтан да IT Университет бүкіл әлемде жыл сайын өтіп тұратын жобалардың HackDay атты инновациялық фестивалінің Қазақстандағы негізгі ұйымдастырушысы болып отыр. HackDay пайда болған алғашқы жылдан-ақ өзін таныта білді. HackDay – бұл қатысушылар өз ойларын прототипке айналдыратын шара. Олардың команда жинап, екі  күнде жоба жасап шығаруға мүмкіндіктері бар. Бүкіл Қазақстанның бозбалалары мен бойжеткендері өз ойларын ортаға салып, небары бір түн ішінде оны дайын жобаға айналдырды. HackDay – дарынын іске асыратын алаң, бұндағы бас жүлде – өз жобасын іске асыру мүмкіндігі.   



Халықаралық ақпараттық технологиялар  университеті өзін  Қазақстанның әлеуметтік жаупкершілікті ЖОО  ретінде танытып отыр, сондықтан біз аға буын өкілдерінің бейресми түрде компьютерлік сауатын ашуға бағытталған жобаны іске асырдық. Қазір 40тан астам зейнеткер оқудың бірінші курсын аяқтап, сертификат алды. Алғашқы курстың тыңдаушылары – Бостандық ауданының зейнеткерлері, келешекте бұндай курстар Алматы қаласын тегіс қамтиды.

Біздің студенттер - Қазақстанның зияткерлік элитасы