МАҚСАТЫ, БАҒДАРЫ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯ


Университет мақсаты: Біз еркін шығармашылық пен жаңа тұлға қалыптастыру үшін  бірегей жағдайлар туғызамыз!

Университеттің болашақтағы бейнесі: 2020 жылға қарай «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ колледж-бакалавриат-магистратура-PhD жүйесінде халықаралық деңгейде танылған ІТ-мамандарды даярлайтын және Орта Азия аймағындағы АКТ саласындағы инновациялар мен ғылым  орталығы болатын, әлемдік рейтингке ие ғылыми-зерттеу университеті болады.

Стратегиялық бағыты:

1)Білім беру үрдісін жетілдіру

Мақсаты: Университеттің академиялық құрылымын қалыптастыру және жетілдіру тиімділігі арқасында білім берудің сапалық деңгейін, студенттердің үлгерімін көтеру.

Міндеттері:

- үш сатылы білім беру:  бакалавриат-магистратура-докторантура жүйесін қалыптастырып, дамыту;

- академиялық еркіндікке жылжу;

- АКТ білім беруде бұрынғы кеңестік кеңістікте жетекші университеттер қатарына  кіру;

- АКТ білім беруде бұрынғы кеңестік кеңістікте жетекші университеттер қатарына  кіру;

- потенциалды жұмыс берушілермен тиімді қарым-қатынас орнату.

 

2)Университеттің  ОртаАзия аймағында АКТ саласындағы инновациялар мен ғылым  көшбасшысы ретінде дамуы

Мақсаты: Алыс болашақта жаңашыл білімді беріп қана қоймай, оларды инновациялық қызметте қолданып, таратуда әлемдік ғылыми-зерттеу университеті (global research university) мәртебесіне көтерілу.

Міндеттері:

- инновациоялық-зерттеу инфрақұрылымдарын қалыптастыру;

- Университет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында инновациялық және ғылыми-зерттеу жұмысына ынтасын арттыру және студенттер


3) Университеттің инвестиялық белседілігін, әртараптылықты және қаржылық тұрақтылықты дамыту

Мақсаты: университеттің үздіксіз біртіндеп дамуын қамтамасыз ететін тұрақты қаржылық жағдайға жету.

Міндеттері: 

- университет қызметін әртараптандыру;

- қаржыландыру көздерін ұлғайту мен дамыту.

Сапа саласындағы саясат

Біздің студенттер - Қазақстанның зияткерлік элитасы